"Қысым көрсеткен": ҰҚК Көшпенділер ойындарында болды деген оқиғаға қатысты пікір білдірді

12 қыркүйекте БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Қырғызстан құрамасының көкпар ойыншысына ҰҚК қызметкері қысым көрсеткені туралы ақпарат тарады

12 қыркүйекте БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Қырғызстан құрамасының көкпар ойыншысына ҰҚК қызметкері қысым көрсеткені туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. ҰҚК қызметкерлері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан жоқ. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбритания тұрғыны көшпенділер ойынына кеткен ұлын жоғалтып, полицияға жүгінгенін жазған болатынбыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.