Ғалия Тынбаева Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

48 келі салмақта сынға түскен Тынбаева финалда жапондық Вакана Когамен кездесті.

Дзюдодан Загребтегі Гран-при турнирінде қазақстандық Ғалия Тынбаева күміс медаль иеленді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 48 келі салмақта сынға түскен Тынбаева финалда жапондық Вакана Когамен кездесіп, қарсыласқа жол берді.

Осылайша, Ғалия әлемдік  турнирдің күмісіне қол жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.