Ол осыдан он жыл бұрынғы суретін жариялады.
"Бөпені не істейсің?": Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуімен қалай танысқанын айтты
Фото: nstagram.com/merekusha.k/
4,138
оқылды

Актриса, блогер Мереке Қалбаева өзінен 6 жасқа кіші жолдасымен танысқан кезі туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол осыдан он жыл бұрынғы фотосын көрсетіп, қазір көп өзгеріс болғанын атап өткен. 

“Арсеннің бұрынғы түрі “потолок”, иә? Арықтығын қараңыздаршы. Бәйтеректің жанындағы бағана екеуі егіз сияқты. 30 келі салмақ тастап, өзгерген кезімде маған көп жігіт әңгіме айта бастады. Таңдау көбейіп кетті. Ал мен ол кезде Арсенмен жүріп жүрмін. Бірақ ешкімге айтпаймыз, себебі екеумізде "өтірік" деп ойлап жүрміз. Бір күні бір жігіт "Мен сені жақсы көремін, жүрейікші, үйленемін" деп қоймаған соң Арсенмен жүретінімді айттым. Ол Арсеннің түрін көріп, шок болып, "Бөпені не істемекшісің?" дегені есіме түсіп кетті. Ол кезінде байқалмаған, қазір қарасам, шынымен бөпе болған екен ғой. Мен Арсеннің қылтырықтай болғанына мүлде мән бермеппін. Жасқаншақтану дегенді ойламаппын да. Қалай бар, солай жақсы көргем ғой", – деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.