Кәсіпкер Сырымбек Тау желіде видео жариялады.
Айбек те назардан тыс қалмады: кәсіпкерлер Париж Олимпиадасының жүлдегерлеріне көлік сыйлады
Фото: instagram.com/oralbay_nurbek
1,154
оқылды

Кәсіпкерлер Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Елдос Сметов, Нұрбек Оралбай және Назым Қызайбайға бір-бір көліктен мінгізді. Олимпиаданың ширек финалында өнер көрсеткен Айбек Оралбайды да назардан тыс қалдырмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

"Айбек екеумізді бөліп-жармай, екеумізге де темір тұлпар мінгізді. Алла разы болсын, ағалар!"- деп жазды боксшы Нұрбек Оралбай әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Кәсіпкер Сырымбек Тау желіде видео жариялады. Бейнежазбадан Олимпиада жүлдегерлеріне қандай көлік тарту етілгенін көруге болады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.