Щучье қаласында 12 жастағы қыз 5-қабаттың терезесінен құлап кетті

Құқық қорғау органдары ақпаратты растады.

Щучьеде  12 жастағы қыз бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Aikyn.kz turar_media-ға сілтеме жасап.

"Бурабай ауданының полиция бөлімі бұл оқиға 14 қыркүйекте Щучье қаласында болғанын хабарлайды. 12 жастағы қыздың 5-қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап кеткені алдын ала анықталған. Осы дерек бойынша соталды тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп нақтылады аудандық бөлімде.

Полицияның мәліметінше, қыз ауруханада жатыр.