ҚМА мемлекетке 1,5 миллиард теңге залал келтірген адамға іздеу жариялады

Сыйақы мен анонимдікке кепіл беріледі.

Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекетке 1,5 млрд теңгеден астам залал келтірген күдіктіге іздеу жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ол жұмысын нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауар жөнелтпей, жалған шот-фактуралар жазып бергені үшін күдікке ілінген.

– Омаров Руслан Уланұлы, 28.07.1986 жылы дүниеге келген. Ақтөбе облысы Алға қаласының тумасы.

2011 жылдан 2013 жылға дейін Омаров Р.У.  Sunkar Logistics  ЖШС директоры ретінде әрекет етіп, контрагенттерге 4 млрд теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берген.

Мемлекеттік кірістер органдарының қорытындысы бойынша, төленбеген салық түріндегі мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асады, – делінген ҚМА таратқан ақпаратта.

Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:

  • +7-701-770-08-65 – іздеу бойынша
  • +7-7292-40-36-59 – кезекші бөлім. 

Сыйақы мен анонимдікке кепіл беріледі.