Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия канцлерінің кездесуі өтеді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астана Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия Федералдық канцлерінің екінші кездесуі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц кездесу өтетін Тәуелсіздік сарайына келді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі меймандарды қарсы алды.