"Терезеден кірген": Жетісу облысында ауыл әкіміне қатысты шу шықты

Жетісу облысы Полиция департаменті осы айтылған жағдайға қатысты тергеу жүргізіліп, «үйге заңсыз кіру дерегі» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Жетісу облысына қарасты Ақсу округінің тұрғыны ауыл әкімінің үйіне баса-көктеп кіріп, өзіне тиіспек болғанын айтты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.     

Әкімге қатысты оқиғаны баяндаған әйелдің видеосы Сандуғаш Дүйсенова жүргізетін halyk_zhurnalist.kz парақшасында жарияланды.

"Ол терезеден кірген. Түнгі 2:30 шамасы. Үйде 2,5 және 5 жастағы балам болды. Керуетте жатқанда артымнан ішкиімімді тартты. Басында ұйқылы-ояу жатып, түсінбей қалдым. Сосын бірден оянып кеттім. Алғашында күйеуім екен деп қалдым. Күйеуім Текеліде екенін есіме түсті. Анықтап қарасам, пысылдап біреу мас күйінде отыр. Шошып кеттім. Әкім жүгіріп шықты. Есікті ашып абдырап тұрғанымда әкімдіктің тағы бір қызметкері кіреберісімдегі дәлізде тұр екен", – дейді әйел.

Жетісу облысы Полиция департаменті осы айтылған жағдайға қатысты тергеу жүргізіліп, «үйге заңсыз кіру дерегі» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Төрт баланың анасы істің бұл бап бойынша қаралғанына наразылық танытып отыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.