«Ақыл жоқ кезде үйлену керек»: Ұлықпан Жолдасов жігіттерге кеңес берді

Ол жастарға ертерек отбасын құруға кеңес берді.

Әнші, композитор Ұлықпан Жолдасов «1001 түн» бағдарламасында қонақ болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі үйлену тақырыбында сөз қозғады. Ол жастарға ертерек отбасын құруға кеңес берді.

«17 жасымда үйлендім. Сол 17 жасымда жұмысқа кірдім. Қазіргілер шаруасын жасайды, оқиды, тоқиды. Одан кейін жағдайын жасайды. Сөйтіп жүргенде қартаяды. Одан қыз таба алмайды, таңдап қалады. Біз бірінші кездестік, ешқандай ой жоқ, дүниеде шаруа жоқ, тек үйлену. Сол дұрыс, ақыл жоқ кезде үйлену керек. Яғни, сен көрген адамыңа ғашық болдың, болды. Басқа ештеңе ойламайсың. Үй жағдайы бола ма, болмай ма, маңызды емес, сен ғашықсың, болды», - деді Ұлықпан Жолдасов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.