Алматыда зейнеткерлерді жұмысқа қабылдап жатыр

Алматыда биыл жазда «Алтын жас» бағдарламасы басталды.

Аталған бағдарлама аясында зейнеткерлерді жұмысқа қабылдайтын жұмыс берушілерге қызметкер жалақысының 50% субсидияланады. Бірақ ол сома бір ең төменгі есептік көрсеткіштен аспайды (2024 жылы – 85 мың теңге), – деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

«Алтын жас» аясында күні бүгінге дейін 355 алматылық жұмысқа орналастырылған. 

Бұл бағдарламаның негізгі шарты жұмысқа тұрушылардың барлығы жұмыссыз ретінде тіркелуі және Алматыда тұрақты тұруы тиіс.

Өтінішті онлайн режимінде жіберуге және кеңес алуға (эл. пошта: a.jas@almaty.gov.kz немесе WhatsApp нөмірі бойынша+7 708 961) болады. Сондай-ақ жеке кеңес алу үшін Еңбек мобильділігі орталығына (Достық даңғылы, 85, 2-қабат, каб. 201а) баруға болады.