Референдум туралы заңнаманы бұзған 4 адам жауапкершілікке тартылды

Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғалардың Қазақстанның сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай, атом электр стансасының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізгенін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, 4 құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл арқалады.

Прокуратура өкілдері қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу тәртiбi «Республикалық референдум туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарымен реттелетінiн түсiндiрді.