Шымкентте қомақты қаржы жымқырған басшы сотталды

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» КММ басшысы И.Долбиловаға және осы ұйымның бухгалтері М.Абдукаримоваға қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Антикорға сілтеме жасап. 

Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу жолымен 3,4 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

– Сот үкімімен мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, – делінген хабарламада. 

Сот үкімі заңды күшіне енді.