Жаңбыр, жел, 6 градус үсік: 19 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды

Кең антициклон Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды.

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 19 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, - деп хабарлайды  Aikyn.kz.    

Кең антициклон Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальды бөлімдердің әсерінен найзағаймен жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді деп күтіледі. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында 1-6 градус үсік күтіледі.

Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде  жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.