Адам қиялы жетпейтін трюктер орындайтын әлем чемпионы велосипедпен бұрын ешкім жасамаған сальтолар жасады. Бұған қараудың өзі қорқынышты!
Жүріп бара жатқан пойыздың үстінде ессіз трюк жасаған (ВИДЕО)
Пойыздың қозғалысы жылдамдық пен стилді өзгертуді, үйреншікті ауа кедергісінің жоқтығын ескеруді талап еткен. Фото newatlas.com сайтынан алынды. Авторы: Bartek Wolinski
3,023
оқылды

Aikyn.kz велоспорттың әйгілі жұлдызы орындаған өмірге қауіпті трюктің қалай жасалғанын newatlas.com сайтына сүйеніп хабарлайды.

Бірнеше әлемдік жарыстардың жеңімпазы велошабандоз Давид Годзиек үшін таудың биік бұралаң соқпақтарынан жоғары жылдамдықпен өту қиын емес. Бірақ қозғалыстағы пойыз үстінде трюктер жасау оның кәсібіндегі ең әсерлі жетістігі болуы мүмкін.

Жиырма тоғыз жасар поляк Годзиек велоспортының әйгілі жұлдызы, ол 12 жасында өз ауласында трюктер жасауды үйренген. Әлемдегі ең табысты фристайлшы тау велосипеді (MTB) және велосипед мотокросс (BMX) жарыстарының үздігі. Ол бір маусымда MBX Dirt және Freestyle MTB жарыстарында алтын медаль алған әлемдегі жалғыз адам.

Давид Годзиек BMX жолдарында ауада қалықтау, айналу, сальто жасау және басқа да гравитацияға қарсы маневрлерді орындайтын аз шеберлердің бірі. Олардың көпшілігін өзі ойлап тапқан. Осы трюктерді жерде орындап «жалыққан» Годзиек енді қозғалыстағы пойыздың үстінде өз мүмкіндігін сынау арқылы қиындық дәрежесін жоғарылатуды шешті.

Давид Годзиек: «Біз бір қызық нәрсені байқадық – ауаның кедергісінің жоқтығы». Фото newatlas.com сайтынан алынды. Авторы: Bartek Wolinski

Ағасы Шимонмен бірге Давид 10 пойыз вагонының үстіне тау велосипеді жолдарын орнатты. Бұл трассада ол бұрын-соңды сыналмаған баспалдақтан түсердің алдында сальто орындауға бел буды.

«Мен пойызды көргенде, оның мен ойлағаннан да биік екенін байқадым. Әрине, мен өлшемдерді алдын ала білдім, бірақ өмірде оның көрінісі басқаша болады. Тегіс жерге қонудың соққысының күшті болғаны сонша, менің денем қатты соққы алды. Бірақ мен жобаға көбірек дәм қосу үшін бұрын ешкім жасамаған трюк жасағым келді», – дейді Годзиек өз сұхбатында.

Бір жыл бойы жолды сынап, сосын вагондардың үстіне жолды тұрғызған Годзиек локомотивті тіркеп, пойыздың жылдамдығын және қозғалатын жолда трюктерді орындау үшін қажетті параметрлерді есептеген. Пойыздың қозғалысы Годзиектен жылдамдық пен стилін өзгертуді ғана емес, сонымен бірге үйреншікті қарсы желдің өзгерісін де есепке алуды талап еткен.

Давид Годзиек: «Мен «кеңістікте ілулі» тұрғандай сезіндім, ал жол менің астымнан өтіп жатты». Фото newatlas.com сайтынан алынды. Авторы: Bartek Wolinski

«Менің басым оны түсінбеді»

«Бұл мүлдем ессіз тәжірибе болды, мен әдетте жасайтын нәрсеге керісінше болды. Мен «кеңістікте ілулі» тұрғандай сезіндім, ал жол менің астымнан өтіп жатты. Біз бір қызық нәрсені байқадық – ауаның кедергісінің жоқтығы. Теориялық тұрғыдан бұл тапсырманы жеңілдетуі керек еді. Бірақ бәрі керісінше болды. Жерде ауа кедергісі мені қандай да бір жолмен түзу сызықта ұстап тұратын және оңға немесе солға қарай жылжуыма жол бермейтін туннель жасайды», – дейді Годзиек.

Шабандоз бәрі жақсы болғанын айтқанмен, бұл экспериментте күтпеген қиындықтар болғанын айтады.

«Жеке пойызыңыз, машинистіңіз және атақтан масайған сезіміңіз болса да, менің кеңесім: «мұны қайталауға әрекет етпеңіз!». Фото newatlas.com сайтынан алынды. Авторы: Bartek Wolinski

«Бұл өзі біртүрлі сезім болды, өйткені менің айналамдағының бәрі бір орында тұрды. Қозғалған – менің астымнан өткен рельстер ғана болды. Менің миым бұны өңдей алмады. Бұған үйренуге тура келді. Бұл мүлдем табиғи емес және таң қалдырады. Алғашқы бірнеше жаттығуда мен басымда аздаған турбуленттілікті сезіндім. Сонымен қатар, пойыздың өзі тегіс емес рельстермен қозғалып, аздап тербеліс туғызды. Осындай ұсақ-түйектердің әсерімен теңіз ауруы, ауа ауруы және биіктік ауруы сияқты сезімдерді бастан өткердім», – атақты велошабандоз.

Давид Годзиектің кеңесі: «Сіздің жеке пойызыңыз, машинистіңіз және атақтан масайған сезіміңіз болса да, менің кеңесім: «мұны қайталап жасауға әрекет етпеңіз!».

Трюктер көрсетілген видеодан кейін қауіпті сынақты қайталауға деген ықылас та азаятын шығар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.