ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың әпкесі Нұрсұлу Тасмағамбетова 74 жасында қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қаралы хабарды саясаттанушы Ербол Еділов жариялады.
“Ауыр қазаға байланысты туған-туыстарына көңіл айтамын. Иманы саламат болсын”, – деп жазды ол.
Айта кетейік, 2006 жылдың жазында Оңтүстік Қазақстан облысында дәрігерлердің өз ісіне немқұрайдылығынан сәбилердің жаппай АИТВ (ВИЧ) індетін жұқтыруы қоғамды дүрліктірді. Нұрсұлу Тасмағамбетова сол кезде облыстық Денсаулық сақтау департаментін басқарған болатын.
Ол Қылмыстық кодекстің 316-тармағының 2-бабы бойынша өз қызметіне немқұрайлы қарады деп айыпталып, 3 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды және сот шешімімен денсаулық сақтау жүйесінде 3 жыл бойы қандай бір қызмет атқарған жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.