«Ешкімнің сізді басынуға хақысы жоқ»: актриса Салтанат Бақаева қыз-келіншектерге кеңес берді

Актриса жолда көлігін соғып кеткен бейтаныс ер адамның әрекетіне наразылық білдірді.

Актриса, әнші Салтанат Бақаева жолда болған оқиға туралы айтып, қыз-келіншектерге кеңес берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Актриса жолда көлігін соғып кеткен бейтаныс ер адамның әрекетіне наразылық білдірді. Айтуынша, ол актрисаның өзін кінәлі еткісі келген. Салтанат Бақаева бұл оқиға қалай аяқталғаны туралы айта келе, қыз-келіншектерді өзіне сенімді болуға шақырды.

“Асығып жүргенде осындай оқыс оқиғаға тап болдым. Бір аға келіп, машинамды соқты. Қатты қорқып қалдым. Артымнан соққан машина алдымен өзімді кінәлады. Негізі, оныкі дұрыс емес. Қыздар, менің байқағаным, қыз деп ер адамдар басынады екен. “Сіз оқыстан тоқтап қалғасын, мен тоқтап үлгермедім” деп өзімді кінәлады. МАИ қызметкерлерін шақырамын деді. Өзіме сенімді болғасын, «Шақыра беріңіз» деп тұрдым. Бір кезде «Баламен жүр екенсіз, қанша төлейін» деді. Мен жолдасыммен ақылдасамын деп, сол кісіге хабарластым. Бірден сөзі өзгеріп шықты. Жігіттерше отырып, бір сәтте шешіп тастады. Соққан адамның да сөзі өзгеріп, менен кешірім сұрады. Біраз жұмыс кейінге шегерілді. Ер адам тоқтамай мені кінәлай берген соң, өзім де ойланып қалдым. Бірақ жол ережесін бұзбағанымды жақсы біліп тұрсам да, өзімді кінәлап жібердім. Көп қыз-келіншектің басындағы жағдай. Қыздар, ешқашан да өздеріңіз нақты білетін ақпараттан күмәнданбаңыз. Ешкімнің сізді басынуға хақысы жоқ”, – дейді ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.