“Синий кит” ойнағаны рас па? Алматыда 12 жастағы қыз 13-қабаттан секіріп кетті

Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

Әлеуметтік желіде 12 жастағы қыз 13-қабаттан секіріп кетті деген ақпарат тарады, -  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Желідегі жазбадағы ақпаратқа сәйкес, оқушы қыз қосымша сабаққа шығып кеткен. Алайда ол 13-қабатқа көтеріліп, секіріп кеткен. 

Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. 

"Бұл дерек бойынша Бостандық ауданының Полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Істің мән-жайы анықталып жатыр", – дейді ПД өкілдері. 

Полицейлер оқушы қыз "Синий кит" ойынын ойнады деген ақпаратты жоққа шығарды.