Көлігінің нөмірін қағазбен жауып қойған елордалық жүргізуші куәлігінен айырылды

Бұл әдісті жүргізуші көлікті анықтауды қиындату үшін жасаған.

Астанада Республика даңғылында патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірдің бір санын қағазбен жауып қойған Chrysler көлігін тоқтатты,   деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полицейлер бұл жағдайда тез әрекет етіп, ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырды.

"Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Сот шешімі бойынша жүргізуші бір тәулікке қамауға алынып, бір жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды",   – делінген полиция хабарламасында.