Антикор Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 миллиард теңге қайтарды

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Қазіргі уақытта «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы А.Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша мемлекет кірісіне 7 млрд теңге сомасында заңсыз алынған ақшалай қаражат аударылды,   деп жазады Aikyn.kz.

Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге және мемлекетке қайтарылған активтерді елді дамыту мақсатында пайдалануға бағытталған бұл жұмыстың маңыздылығын атап өткен жөн.

"Жалпы, биылғы жыл басынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтеді.

Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды",  – делінген Антикор дерегінде.

Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда және Агенттіктің ерекше бақылауында.