Ресейден елімізге 170 тонна картопты заңсыз әкелуге тырысқандар жазаға тартылды

Заңсыз өнім қайтадан кері қайтарылды.

Ресейден Қазақстанға сертификатсыз 170 тоннадан астам картоп әкелуге тырысқандар жазаға тартылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық инспекциясы Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта орналасқан «Қайрақ» фитосанитарлық бақылау бекетінде 18-19 қыркүйекте 12 бұзушылықты анықтады, - деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

"Жүргізілген шаралар нәтижесінде өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлар 170,9 тонна картопты фитосанитарлық сертификатсыз әкелуді тоқтатты", – деп қосты ведомство.

Әкімшілік хаттамалар жасалды. Картоптың барлық партиясы жіберушіге қайтарылды.