Петропавлда үйдің жертөлесінен әскери қызметшінің денесі табылды

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

Бүгін, 21 қыркүйекте Петропавл қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінде, жұмыстан тыс уақытта Қорғаныс істері жөніндегі департаментпен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшінің денесі табылды. Aikyn.kz  бұл туралы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметші отбасындағы кикілжің салдарынан өзіне қол жұмсаған.

«Оқиға орнында суицид алдында жазылған хат табылды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды». Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.