Шымкентте теміржолды кесіп өтпек болған ер адамды пойыз қағып кетті

Оқиғаның себебі мен мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Шымкентте пойыз теміржолдың тыйым салынған тұсынан өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Otyrar.kz мәліметінше, қайғылы оқиға Измайлов пен Жангелдин көшелерінің аралығында 21 қыркүйекте кешкі сағат 22:00 шамасында болды. 

Пойыз қатты жылдамдыққа енді қосыла бастаған, бірақ машинист оны тоқтатып үлгермеді. Жарақаттар тым ауыр болды, сондықтан ер адам оқиға орнында жан тапсырды. Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұм шамамен 30-35 жаста.