Талғардағы демалыс аймағында өрт шықты

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Алматы облысының өрт сөндірушілері демалыс аймағындағы отты сөндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Талғар ауданы Рысқұлов ауылындағы демалыс аймағы аумағында монша жанды.

"120 шаршы метр алаңдағы жалын толығымен ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ", – деп қосты ведомство.

Мамандар «төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар» деп ескертті.