Теміртау қаласында дәмхана өртке оранды

Оқиға бүгін түнде болған.

Қарағанды облысында өрт сөндірушілер дәмханадағы өртті сөндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін түнде болған. Теміртау қаласында Абай көшесі бойындағы дәмханалардың бірінің шатыры өртенген.

– Отпен күресуге жіберілген өрт сөндіру есептобының жедел әрекеттерінің арқасында өрт шағын алаңда сөндірілді.

ТЖД күшімен қауіпсіз жерге көлемі 50 литрлік 2 газ баллоны шығарылды, – делінген хабарламада. 

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.