Мейрамбек Бесбаев әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алды (видео)

Бұл туралы әнші әрі Мейрамбек Бесбаевтың досы Сәкен Майғазиев айтты.

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев әйелі Мархабат пен жақында дүниеге келген қызын перзентханадан шығарып алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Сәкен Майғазиев Instagram-дағы парақшасында жазып, перзентхана алдында түсірілген видеоны жариялады. Видеодан байқағанымыздай, перзентханаға әншінің жақындары мен достары да барған. 

- А-а-ал, қызымыздың бауы берік болсын! Мейрамбек-Мархабат, балапанымыз инабатты, ақылды, білімді болып өссін. Сіздерге де жұғысты болсын, – деп жазды Сәкен Майғазиев.