Алматылық танымал блогер қайтыс болды

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі белгілі блогердің қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.

Алматыда танымал аспаз әрі блогер Бага Демалыс қайтыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде оның жақындары мен достары хабарлады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

– Кеше біз жақын досымыз Бага Демалыстан айырылып қалдық. Бага қаламыздың әрбір тұрғыны үшін туысындай болды, оның жымиған күлкісі мен мейірімді жүрегі біздің есімізде мәңгі сақталады, – деп жазды режиссер Қанат Бейсекеев Instagram-дағы парақшасында. 

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі белгілі блогердің қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады. Бұл факт бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасы 105-бап (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Марқұм 28 жаста болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.