51 жастағы ер адам қылмысты балаларының көзінше жасаған.
Қарағандыда ер адам балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірген
Фото: видеодан алынды
655
оқылды

Қарағандыда әйелін пышақтап өлтірді деп айыпталған күдіктіге қатысты сот отырысы өтті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

51 жастағы ер адам қылмысты балаларының көзінше жасаған. Сот отырысында күдікті кінәсін толық мойындады.

"Жек көріп, іс-әрекетінің әлеуметтік қоғамдық сипатын түсініп, мас күйінде қасақана үш рет пышақтап, қашып кеткен", – деді прокурор Жанқуат Ахмедин.

Қылмыс жасаған соң күдікті ауланы айналып біраз жүріп, есін жиғанда полицияға өзі берілген.

Күдіктінің айтуынша, әйелімен жанжал сол күні таңертең басталған. Бір ай бойы жұмыссыз жатқандықтан, таңертең үйден жұмыс іздеп шығып кетіпті.

Екі қолға күрек таппай сағат бес шамасында бір шөлмек арағын алып қайтып келіпті. Ішіп алған соң ұрыс-керіс жалғасып, балалары полиция шақырған. Шақыртуға келген тәртіп сақшылары тек ескерту жасап, кетіп қалған. Полиция кете сала, күдікті әйелін пышақтап өлтірген.

Ерлі-зайыптылар осыдан 10 жыл бұрын ресми ажырасқанымен, бірге тұрып келіпті. Күдікті кінәсін толық мойындап, алқа билер сотынан да бас тартқан. Марқұмның артында 17 және 15 жастағы ұлы мен қызы қалды.

"Жөндеу жасаған бөлмені сыпырып жүріп, айқайлап, маған боқауыз сөздер айтты. Шынымды айтқанда, қалай қылмысқа барғанымды айта алмаймын, не үшін барғанымды, қалай пышақ сұққанымды. Істеген ісіме кешірім сұраймын, барлықтарыңыздан", – деді күдікті сот отырысында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.