Қазақстанда бүгін АЭС құрылысына қатысты референдум өтеді

Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды

Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша жалпыұлттық референдум басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясы қызметін атқаратын ҚР Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелген.

Республикалық референдум бюллетенінде бір ғана сауал болады: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?».

Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды: «Иә, келісемін» немесе, «Жоқ, келіспеймін».

Бюллетеньдер екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.