Атырауда референдум күні қоғамдық көлік тегін қатынауда.
Атырауда автобустар тегін қызмет көрсетіп жатыр
312
оқылды

Атырауда референдум күні қоғамдық көлік тегін қатынауда. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігі хабарлады. Барлығы 31 бағыт бойынша 230-дан астам автобус жолаушыларды жолақысыз тасымалдайды.

"6 қазан – республикалық реферндум күндері сағат 06:00 мен 23:00 аралығында қала мен қала маңында автобус тегін қатынайды. Ал  7 қазан күні автобустар әдеттегідей ақылы қызмет көрсетеді»,  деді Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлеген.

Еске сала кетсек, Атырау облысында таңғы сағат 7.00-де референдум учаскелерінде дауыс беру басталып кетті.

Баян Жанұзақова, Атырау облысы