Атырауда референдум күні қоғамдық көлік тегін қатынауда. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігі хабарлады. Барлығы 31 бағыт бойынша 230-дан астам автобус жолаушыларды жолақысыз тасымалдайды.
"6 қазан – республикалық реферндум күндері сағат 06:00 мен 23:00 аралығында қала мен қала маңында автобус тегін қатынайды. Ал 7 қазан күні автобустар әдеттегідей ақылы қызмет көрсетеді», – деді Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлеген.
Еске сала кетсек, Атырау облысында таңғы сағат 7.00-де референдум учаскелерінде дауыс беру басталып кетті.
Баян Жанұзақова, Атырау облысы