Дауыс берушілерді бауырсақпен қарсы алды

Дауыс берушілерді ақжаулықта әжелер ұлттық нақыштағы киіммен, бауырсақтан ауыз тигізіп қарсы алуда.

Тараз қаласында жалпыхалықтық референдумға қатысушылар белсенділік танытуда. Ал дауыс берушілерді ақжаулықта әжелер ұлттық нақыштағы киіммен, бауырсақтан ауыз тигізіп қарсы алуда.

№28  дауыс беру  учаскесіне келушілерге арнап әжелер қауымы арнайы шашу шашып, ұлттық дәстүрді ұлықтағаны көпті сүйсіндіруде.

Қазақы дәстүрді жаңғыртып жүрген әжелер ән де шырқап, келушілерге керемет көңіл күй сыйлады.

 

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы