Кішкентай баланың арманы: бүлдіршін мен полицейдің әрекеті көпшілікті елең еткізді

Интернетте тәртіп сақшысының көрсеткен мейірімділігіне бойжеткеннің реакциясы түсірілген видео тарады.

Видеода кішкентай қыз жағалауда жүрген тәртіп сақшыларының алдынан жүгіріп шығып, қалпағын сұрайды, деп жазады Aikyn.kz.

Жергілікті басылым жазғандай, құқық қорғау органының қызметкері оны шешіп, баланың басына кигізеді. Оған риза болған бүлдіршін баскиіммен жүгіріп барып, қайтарып берді.

Көптеген қолданушылар екі жақтың да әрекетіне жылы лебіз танытып жатыр.

"Айяның полицияны алғаш көргендегі реакциясы. Қызымның кішкентай арманын орындағаныңыз үшін рақмет»,  деп жазды қыздың анасы Instagram әлеуметтік желісінде.