Сыр өңірінде таңертең сағат 07.00-ден бастап барлық референдум учаскелері ашылып, өз жұмысын істеп жатыр.
Қызылорда облысында 380 учаскеде дауыс беру жалғасып жатыр
287
оқылды

Жалпы, аймақта 380 референдум учаскесі бар. Оның 126-ы Қызылорда қаласында, 254-і аудандарда орналасқан. 

Негізінен аталмыш учаскелердің 27-сі азаматтардың уақытша болу орындары, яғни жабық учаскелер қатарына жатқызылады.  Осы учаскелерде тізімге енген азаматтар толықтай өз таңдауын жасаса, дауыс беру уақыты ерте аяқталуы мүмкін. Атап айтқанда, әскери бөлімдер, емдеу-профилактикалық мекемелері, тергеу изоляторлары және тағы да басқа орындар осы учаскелерге қарайды. Сондай-ақ вахталық әдіспен жұмыс істейтін мекемелердегі 6 учаскеде дауыс беру таңғы сағат  6.00-де басталды.

Айта кетейік, өңірде 492 380 азамат дауыс беру  құқығына ие. Тұрғындар кешкі  сағат 20.00-ге дейін өз аумағындағы учаскелерге келіп, дауыс бере алады.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, Қызылорда облысы