Жалпы, аймақта 380 референдум учаскесі бар. Оның 126-ы Қызылорда қаласында, 254-і аудандарда орналасқан.
Негізінен аталмыш учаскелердің 27-сі азаматтардың уақытша болу орындары, яғни жабық учаскелер қатарына жатқызылады. Осы учаскелерде тізімге енген азаматтар толықтай өз таңдауын жасаса, дауыс беру уақыты ерте аяқталуы мүмкін. Атап айтқанда, әскери бөлімдер, емдеу-профилактикалық мекемелері, тергеу изоляторлары және тағы да басқа орындар осы учаскелерге қарайды. Сондай-ақ вахталық әдіспен жұмыс істейтін мекемелердегі 6 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.
Айта кетейік, өңірде 492 380 азамат дауыс беру құқығына ие. Тұрғындар кешкі сағат 20.00-ге дейін өз аумағындағы учаскелерге келіп, дауыс бере алады.
Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, Қызылорда облысы