Талдықорғанда 18 жастағы жігіт өз таңдауын жасады

Бұл туралы Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Талдықорғанда тұңғыш рет ҚР Президентімен аттас 18 жастағы қала тұрғыны Қасым-Жомарт өз таңдауын жасап, №396 дауыс беру учаскесінде дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Бүгінгі референдумда мен ел болашағы үшін алғаш рет таңдауымды жасадым. Бұл мен үшін маңызды қадам. Еліміздің болашағы жарқын болуына өз үлесімді қосуға дайынмын»,  деді Қасым-Жомарт.

Айта кетейік, бүгін республикалық референдум күнінде мұнда алғаш рет дауыс беріп жатқан 2 000-нан аса сайлаушы бар.