АЭС бойынша референдум: қазақстандықтардың 51,77 пайызы дауыс беріп үлгерді

Референдумға қатысушылар саны бойынша Шымкент қаласы көш бастап тұр.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,77%-і бюллетень алды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының өкілдері жедел онлайн-брифингте мәлімдеді.

Оның ішінде:

1. Абай облысы бойынша – 52,99 %

2. Ақмола облысы бойынша – 54,91%

3. Ақтөбе облысы бойынша – 52,85 %

4. Алматы облысы бойынша – 59,32 %

5. Атырау облысы бойынша – 52,91 %

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 50,52 %

7. Жамбыл облысы бойынша – 48,80 %

8. Жетісу облысы бойынша – 55,42 %

9. Қарағанды облысы бойынша – 59,92 %

10. Қостанай облысы бойынша – 61,54 %

11. Қызылорда облысы бойынша – 54,13 %

12. Маңғыстау облысы бойынша – 46,19 %

13. Павлодар облысы бойынша – 49,18%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 48,00%

15. Түркістан облысы бойынша – 67,38 %

16. Ұлытау облысы бойынша -59,65 %

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 61,73 %

18. Астана қаласы бойынша – 45,19%

19. Алматы қаласы бойынша – 16,91 %

20. Шымкент қаласы бойынша – 64,38 %

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы  Конституциялық заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналады.

Келесі жедел ақпарат сағат 16.05-те берілетін болады.