Паралимпиада ойындарының жүлдегері Александр Герлиц референдумда дауыс берді

А.Герлиц дауыс беруге 4 жасар ұлы Артёммен бірге барды.

Солтүстікқазақстандық спортшылар атом электр стансасының құрылысы бойынша референдумға белсенді қатысуда. Паралимпиадашы, 2022 жылғы Бейжіңдегі қысқы Паралимпиада ойындарының жүлдегері Александр Герлиц те өз учаскесіне барып, дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Александр дауыс беру учаскесіне жалғыз келген жоқ. Өзімен бірге 4 жасар ұлы Артёмді де ала келді, оның өзі әкесімен бірге барғысы келген. Осылайша бүлдіршін дауыс беру процесімен алғаш танысты.