Алматыда перзентханада дауыс берді

14:00-ге дейін осы перзентханаларда 43 нәресте дүниеге келді.

Алматы қаласындағы алты перзентхана мекемесінде атом электр стансасын салу мәселесі бойынша референдум аясында дауыс беру өтті.

454 босанған және жүкті әйелдер азаматтық белсенділік танытып, рефенрендумнан шет қалмады.

14:00-ге дейін осы перзентханаларда 43 нәресте дүниеге келді, ал бүкіл ел бойынша референдумға Қазақстан азаматтарының 51,77%-ы дауыс берді.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматы қаласында барлығы 624 сайлау учаскесі жұмыс істейді, олар 20:00-ге дейін ашық болады.