СҚО-да полиция әулеті де бүкілхалықтық референдумда дауыс беруге қатысты

Олардың қатарында тергеу саласының ардагері Күлбарам Бәкенова мен оның қызы, Петропавл қаласы Полиция басқармасының аға тергеушісі, полиция капитаны Диана Бәкенова бар.

Күлбарам Шеріқызы полицияда 25 жыл қызмет етті. Ол қызметтің едәуір бөлігін тергеу саласына арнаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазір полиция ардагері жас полиция қызметкерлеріне бас нұсқаушы ретінде практикалық көмек көрсетіп жүр. Диана анасының жолын қуып, облыстың ең ірі полиция бөлінісінде, яғни тергеуде қызмет етіп келе жатқанына 8 жыл болды. Бүгінгі күні анасы мен қызының полициядағы жалпы қызмет өтілі 33 жылды құрайды.

Күлбарам мен Диана Бәкеновалардың айтуынша, референдумға қатысу – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы және ел болашағын дамытуға қосқан үлесі.

Солтүстік Қазақстан облысының полициясында 100-ге жуық отбасылық әулеттің өкілдері қызмет етеді.

ІІМ курсанттары да жалпыұлттық референдумда дауыс берді

Ішкі істер министрлігінің курсанттары атом электр стансасын салу бойынша жалпыхалықтық дауыс беруге қатысты. 

Бұл мәселе болашақ офицерлерді бей-жай қалдырмады. Жастар ел үшін маңызды істе дауыс беріп, өздерінің азаматтық ұстанымын білдірді. Дауыс беру ашық атмосферада өтті. 

Курсанттар олардың таңдауы елдің болашағына және энергетика саласының дамуына әсер етуі мүмкін екенін түсінді.