Жел, жаңбыр, тұман: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Ел аумағы бойынша жел күшейіп, солтүстік аймақтарда түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі.

"Қазгидромет" синоптиктері 8, 9, 10 қазан күндері ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аптаның басында антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кейін Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс өңірлеріне Мәскеу аумағынан циклон әсер етіп, соның салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

9-10 қазан күндері батыста қатты жаңбыр күтіледі. Ел аумағы бойынша жел күшейіп, солтүстік аймақтарда түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі.

"Республиканың батысында ауа температурасы күндіз 12-18 градусқа дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 7-17 градусқа дейін төмендейді деп болжанады, ал қалған аумақта күрт өзгерістер күтілмейді", – делінген хабарламада.