Ұлттық банктің 11 қазанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 490,84 теңге.
Доллар бағамы 490 теңгеден асып кетті
1,433
оқылды

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 491-496 теңге аралығында саудаланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұлттық банктің 11 қазанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 490,84 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,04 теңге.

Еуро – 536,88.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 492,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 494,4 теңге. Еуро 537,3-541 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал  Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 491 теңге, сатып алу құны – 496 теңге. Еуро 535 теңгеден сатылып, 542 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,00-5,14 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 10 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,25 теңгеге қымбаттап, 491,74 теңге болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram   арнасынан таба аласыз.