Дәмхана қонақтары сөзге келіп қалып, арты жанжалға ұласқан.
«Талғар маңында атыс болды» – Полиция оқиғаның мән-жайын айтты
1,399
оқылды

Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады,  деп хабарлайды Aikyn.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары ақпаратқа жауап беріп, Талғар ауданы Тұздыбастау ауылындағы дәмханалардың бірінің маңында атыс болды деген ақпарат тарағаны шындыққа сәйкес келмейтінін түсіндірді.

Белгілі болғандай, мекеме қонақтары сөзге келіп қалып, жанжалға ұласқан. Оқиғаға сеніп тапсырылған аймақты патрульдеп жүрген полицейлер жедел түрде араласып, жағдайды реттеді.

Бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қатысушылар полицияға жеткізілді.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

"Біз тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз және жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын, тіпті қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз", – деді тәртіп сақшылары.