Жантүршігерлік қылмыс биыл 22 сәуірде Ақтөбе қаласында болған.
«Ұсынысын қабылдамаған»: ақтөбелік жігіт үйленбек болған қызын айуандықпен өлтірген
867
оқылды

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үйленбек болған қызын зорлап, айуандықпен өлтірген ер адамға қатысты үкім шығарды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, сотталушы Қылмыстық кодекстің кісі өлтіру, зорлау, тұрғын үйге заңсыз басып кіру және полицейдің өміріне қол сұғу баптары бойынша кінәлі деп танылды. 

Жантүршігерлік қылмыс биыл 22 сәуірде Ақтөбе қаласында болған. Ер адам ұсынысын қабылдамаған қыздың пәтеріне балкон арқылы кіріп, оны зорлап, ізін жасыру үшін пышақтап өлітірген. Артынша ол балконнан секіріп, қашып кетуге тырысқан. Оған қоса, оны тоқтатпақ болған полиция қызметкерін де жарақаттаған.

Айыпталушы сотта кісі өлтіргенін және қыздың пәтеріне заңсыз кіргенін ғана мойындады. Ал зорлағанын жоққа шығарып отыр. Сонымен қатар ол артынан қуған адам полиция қызметкері екенін білмегенін айтты.

Нәтижесінде, сот ер адамды барлық бап бойынша кінәлі деп тауып, 22 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ сотталушы марқұмның отбасына моральдық және материалдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.