Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады.
Қар жауып, көктайғақ болады: 12 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
3,300
оқылды

Қазгидромет 12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.       

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде жоғары, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Астанада қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. 

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодарда түнде 12 қазанда қар жауады. Көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысынды, күндіз облыстың оңтүстігінде бұрқасын, қөқтайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Атырау облысының батысында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, орталықта төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте түннің бірінші жартысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының оңтүстігінде жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. 

Алматы облысының оңтүстігінде жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, түнде кей уақытта 23-28 м/с.

Алматыда түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram  арнасынан таба аласыз.