Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған палата де­легациясы Тәжікстанға барды. Сапар барысында сенаторлар Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кез­десті.
Сенат төрағасы халықаралық конференцияға қатысты
342
оқылды

Сондай-ақ аталған ел­­дің Конституциясының 30 жылдығына арналған ха­лық­аралық парламенттік кон­ференцияға қатысты және ТМД елдері Парламент­терінің депутаттарымен екіжақты кездесулер өткізді.

Тәжікстан Респуб­лика­сының Пре­зиденті Эмомали Рахмонмен кез­десуде Сенат Спикері аталған ел­­дің басшысына Қазақстан Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ ол екі елдің арасындағы достық қа­­­­рым-қатынас пен Мемлекет бас­­­­­шыларының сындарлы жә­не се­німді диалогі өзара тиімді ынты­мақ­тас­­тықтың кепілі екенін атап өтті.

«Тәжікстан Республикасы Консти­ту­циясының 30 жылдығы» атты халық­ара­лық парламенттік конференцияда сөз сөйлеген Мәу­­­лен Әшімбаев Қазақстан мен Тә­­­жікстан арасында қалыптасқан өзара түсіністік пен сенімнің жоғары деңгейіне және оның маңызына ерекше тоқталды.

«Жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер, белсенді саяси диалог, түрлі саладағы нәтижелі ын­­­­тымақтастық қазақ-тәжік қа­рым-қатынасының даму қарқынын және зор әлеуетін айқын көрсетеді. Бұл рет­­те сауда-экономикалық байланыстарды, мә­­де­­­ниет пен білім беруге қатысты жобаларды, экологиялық және басқа салалардағы бірлескен бастамаларды атап өткен жөн. Қазақ­стан мен Тәжікстан ара­сын­­­­да сенімді және жемісті қа­­­рым-­­­қатынас орнады. Биыл­ғы тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тә­­­жікстанға са­пары және сол кезде қол жеткізілген уағ­даластықтар осы айтылғандарды кезекті рет нақтылай түсті. Аталған сапар кезінде ел­­­­деріміз арасында Одақтастық қа­­тынастар туралы тарихи шартқа қол қойылды. Бұл маңызды құжат жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сондай-ақ елдеріміз арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің берік негізін қалайды», – деді Сенат Төрағасы.

Сапар кезінде бірқатар екіжақты кездесу өтті. Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесуде заң шығарушы органдар желісі бойынша өзара іс-қимылды нығайту перспектива­лары талқыланды. Тараптар екі палата ара­­­сындағы ынтымақтастық жөніндегі ко­­­миссия жұмысының қорытындыларына да назар аударды. Сондай-ақ 2025-2026 жылдарға арналған Парламентаралық ын­тымақтастықты дамыту жөнін­дегі жаңа Жол картасына қол қою мәселесін қарады. Бұл құжатта Қа­­­­­­­­зақ­­стан мен Ресей Президенттері белгілеп берген ын­­­­тымақтастықтың басым бағыттары көрсетіледі.

Сондай-ақ Қазақстан делегациясы Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалимен кездесті. Онда парламентаралық ын­­ты­­­мақтастықтың нақты бағыттары кеңінен талқыланды. Атап айт­қанда, пар­ламентаралық байланыстарды нығайтудың негізін қа­лап, ынтымақтастықты одан әрі дамытудың басым бағыттарын ай­қындап берген Түр­кістан декларациясын іске асы­ру ая­­­сын­­дағы бір­лескен жұмыс туралы сөз бол­ды. 

Әзербайжан Милли Мәжілісінің Спи­кері Сагиба Гафаровамен кездесуде Мәулен Әшімбаев әріптесін жаңа мерзімге қайта сайлануымен құттықтап, екі ел арасындағы ын­­­тымақтастық халықтардың ортақ та­­­­­рихи құндылықтарына және өзара құрмет пен түсіністікке табан ті­рей­­­­тінін атап өтті. Бұдан басқа, Се­­­­­­нат Төрағасы Әзербайжан тарапына Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс ай­тып, аталған елдің өкілдері 2025 жылы өтетін Съезге қатысатынына сенім білдірді. Мәулен Әшімбаев Кон­­­ференция алаңында басқа да Пар­ламент деле­га­цияларының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді.