Тәжірибесі мен білімі еліміздің қоғамдық-саяси өмірін одан әрі дамытуға үлес қоса беретініне сенімді екенін атап өтті.
Президент экс-сенатор Ләззат Қалтаеваға ризашылық білдірді
Фото: lyazzat.kaltayeva/ instagram
553
оқылды

Президент экс-сенатор Ләззат Қалтаеваға Парламенттің жоғары палатасындағы белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылық білдірді. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Президент Ләззат Қалтаеваның тәжірибесі мен білімі еліміздің қоғамдық-саяси өмірін одан әрі дамытуға үлес қоса беретініне сенімді екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваның өкілеттігі тоқтатылған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.