Қазір жүргізіліп жатқан күзгі науқанда Отан алдындағы борышын өтеуі тиіс азаматтарға шақыру қағазы хат түрінде және SMS-пен жолданып жатыр.
Бұдан былай елімізде әскерден қашқандарға үш жарым миллион теңге айыппұл салынады
Қорғаныс министрлігі
4,363
оқылды

Қазақстанда әскерден қашқандарға үш жарым миллион теңге айыппұл салынып, қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, –  деп жазады Aikyn.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскер қатарына шақырылған барлық азамат әскери комиссариатқа келуге міндетті. 

Олардың жұмыс пен оқу орындарына да хабарлама берілген. Ал шақыруды жеке өзіне тапсыру мүмкін емес азаматтар әскери комиссариатқа ішкі істер органдарының көмегімен жеткізіледі.