Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Шерзаттың отбасына тиесілі өртенген үйге барды
1,356
оқылды

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов Алматы облысының Талғар қаласындағы оқиға орнына барды, – деп жазады Aikyn.kz.

- Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша мен оқиға орнына келдім. Жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге Ішкі істер министрлігінің өкілдері қызмет атқаруда. Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер ұсталып, жауапқа тартылатын болады. Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында, – деді Бауыржан Аленов.

Айта кетейік, бұған дейін Шерзат Болаттың отбасына тиесілі үй өртенгенін жазғанбыз, артынша Алматы облысы әкімдігі мәлімдеме жасап, зардап шеккен отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін мәлімдеді.