Отандық кәсіпкерлерді қолдауға 300 млрд теңге бөлінеді

Отандық кәсіпкерлерді қолдауға 300 млрд теңге бөлінеді

Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеуінде төтенше жағдай кезеңінде бизнеске ерекше қолдау көрсетілетінін айтты. «Біз бюджеттік шығыстарды бизнес пен жұмыспен қамтудың дамуын қамтамасыз ететін бағыттарға қайта бағдарлаймыз. Отандық кәсіпкерлерді қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға 300 млрд теңгеден кем емес қаражат бөлінетін болады»,– деді Мемлекет басшысы.