Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелге шыққысы келетін азаматтарға шектеу шараларын түсіністікпен қабылдауды ұсынды.
«Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға және кіруге шектеу енгізіледі. Бірақ жоғарыда аталған шаралардың жүк тасымалына қатысы жоқ. Шекарадан өткізу пунктерінде және әуежайларда санитарлық-эпидемиологиялық режим күшейтілді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет резервінен дәрі-дәрмек пен тест-жүйелерді, зертханалық құралдарды алуға қажет қаражат бөлінді. Ел ауруханаларында төсек орындары жеткілікті. Мемлекеттік органдар сантиарлық-алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру жоспарын дайындағанын айрықша атағым келеді», – деді Президент Қазақстан халқына жасаған телевизиялық Үндеуінде.